"Кеме қатынасы тіркелімі" филиалы "Абай әлемі және Ясауи"көрмесіне қатысты.
           Ұлы Абайдың туғанына 180 жыл толуына орай 23 шілде күні Семейдегі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі мен Түркістан облысының «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей қорығы «Абай әлемі және Ясауи» атты тақырыптық көрме өткізді. 
           Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Оның сонау Түркістаннан М.Әуезовтің атасы Әуез арқылы кітаптар алдыртып оқығаны туралы деректер бар. Осы кезден бастап хакім Абай Ясауи мұрасымен етене танысқан. 
           Көрмеге Абай мен Ясауи ұлы рухани мұрасын құрметтейтін жанашыр азаматтармен бірге «Кеме қатынасы тіркелімі» филиалының жұмыскерлері де қатысты.