«Қазақстан
су жолдары»
Республиканское государственное казенное предприятие Комитета железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан
8
(7232)
71-11-71
ВКО, г. Усть-Каменогорск .
ул. Шлюзная 14

Государственное задание

Государственное задание

092 «Су көлігі мен су инфрақұрылымын дамыту, күтіп-ұстау» бюджеттік бағдарламасы

 

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі,

Бюджеттік бағдарламаның басшысы

Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Калиакпаров М.К.

Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексі; Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (Салық кодексі); Қазақстан Республикасының «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі                    № 574 заңы; Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы            17 қаңтардағы № 284 заңы; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V заңы; Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы»               2003 жылғы 1 шілдедегі № 446 заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару қағидаларын бекіту туралы» 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттiк бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері туралы» 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2023 – 2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» бұйрығы; Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің «Индустрия және инфрақұрылымдық даму саласындағы зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау әдістемесі» 2021 жылғы 26 ақпандағы № 93 бұйрығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы»          2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1116 қаулысы; Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің «Мемлекеттік техникалық флот кемелерінің жанар-жағармай материалдары шығыстарының нормаларын (заттай көріністе) бекіту туралы» 2019 жылғы 10 маусымдағы № 382 бұйрығы.

Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі)

Бағдарлама кеме қатынасының қолайлы жағдайларын жасау мақсатында, оның ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды көздейді. Ішкі су жолдары бойынша кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кеме жүрісінің кепілді габариттерін ұстап тұру және жалпы ұзындығы 2 103,9 км Ертіс, Орал-Каспий және Іле-Балқаш бассейндерінің ішкі су жолдарының кеме қатынасы учаскелерінде навигациялық белгілер мен жабдықтарды күтіп ұстау жөніндегі іс-шаралар кешені жүргізіледі. Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кемелерге нақты уақыт режимінде жедел ақпарат пен өзге де ақпаратты бере отырып, теңіз кемелерін сүйемелдеу және мониторингтеу үшін пайдаланылатын жағалаудағы электрондық навигациялық жүйелер (КҚБЖ) құралдарын құру, күтіп-ұстау және пайдалану жөніндегі іс-шараларды іске асыру жоспарлануда. Сондай-ақ, кеме иелерінің кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелердің техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтауы бойынша іс-шараларды іске асыру, кеме қатынасы гидротехникалық құрылыстарын, кемелердің КҚБЖ қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жөндеу жұмыстарының барлық түрлерін жүргізуді ұйымдастыру көзделеді.

Бюджеттік бағдарламаның түрі

Республикалық бюджеттік бағдарлама / Жеке бюджеттік бағдарлама / ағымдағы

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты

Перспективалы жүк ағынының қажеттіліктерін қанағаттандыратын су көлігінің серпінді дамуын қамтамасыз ету

Міндеттері

Өзен көлігімен жүк тасымалдау көлемі: 2026 жылы-1,55 млн. тоннаға дейін, 2027 жылы-1,59 млн. тоннаға дейін, 2028 жылы-1,62 млн. тоннаға дейін