Бос жұмыс орындары
Ағаш ұстасы-бетоншы
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес.
Қажетті жұмыс тәжірибесі
тәжірибесіз
Міндеттер:
- шлюздің ғимараттары мен құрылыстарын жаңадан салу, реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыстармен айналысу;
- орташа күрделіктегі ағаш ұсталық және қалыптау жұмыстарын орындау;
- барлық түрдегі қалып қалқандары (тік бұрышты және қиғаш бұрышты) мен түзу сызықты қалып элементтерін дайындау және жөндеу;
- бетон беттерін қолмен немесе механикаландырылған құралдармен кесу.
Талаптар:
еңбек өтіліне талап қойылмайды, біліктілік куәлігі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі: толық жұмыс күні.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Экскаватор машинисі-тракторшы
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
тәжірибесіз
Міндеттер:
- аршып тазалау, үйінді және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде бір шөмішті экскаваторды басқару;
- жүріс механизмдерін реттеуді орындау; топырақты қабатпен өңдеуді орындау; экскаваторға жанар-жағармай материалдары мен су құюды орындау;
- белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу, профилактикалық тексеруді орындау және экскаваторды жөндеуге қатысу.
Талаптар:
еңбек өтіліне талап қойылмайды, тракторшы-машинист куәлігі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Бухгалтер
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
тәжірибесіз
Міндеттер:
- жұмыстарды (қызметтерді) жүргізуге арналған шығындардың есебін жүргізу;
- қаржылық және есеп айырысу операцияларының есебін жүргізу;
- мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі жұмысты орындау (негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды, өнімді өндіруге, өткізуге арналған шығындарды, шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерін есепке алу, жеткізушілер және тапсырыс берушілермен көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу).
Талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік (қаржы-экономикалық) білімі және тиісті мамандық бойынша кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Автомобиль кранының машинисі
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
тәжірибесіз
Міндеттер:
- жүк көтергіш крандармен және жүк көтергіш машиналармен жүктердің қауіпсіз орын ауыстыруы бойынша өндірістік тапсырмаларды орындау;
- жүк көтергіш механизмдерге қойылатын техникалық талаптарды бұзбай кран жұмыстарын орындауға мүмкіндік беретін аспаптар (анемометр) бойынша жағдайларды анықтау;
- жүк арқандарын, жүк көтергіш крандар мен жүк көтергіш машиналардың механизмдері мен тораптарын майлауды уақтылы жүргізу;
- жүк арқандарының, алмалы-салмалы жүк қармайтын құрылғылардың және ыдыстардың жұмысқа жарамдылығын анықтау.
Талаптар:
еңбек өтіліне талап қойылмайды, біліктілік куәлігі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
тәжірибесіз
Міндеттер:
- трансформаторлық қосалқы станцияларда және шлюздің тарату құрылғыларында, оларды кернеуден толық немесе ішінара ажыратып, жұмыстарды орындау;
- шлюздің электр қондырғыларында жедел ауыстырып қосуды орындау;
- кабель желілерінің сымдарын кесу, жалғау, оқшаулау және дәнекерлеу жұмыстарын орындау;
- шлюз аумағында кабельдік желілерді төсеу бойынша жұмыстарды орындау.
Талаптар:
еңбек өтіліне талап қойылмайды, біліктілік куәлігі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Сүңгуірші
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
тәжірибесіз
Міндеттер:
- гидротехникалық құрылыстардың су асты бөлігін толық тексеру және жөндеу жұмыстарын орындау;
- су астында қарапайым монтаждау, слесарлық және такелаждық жұмыстарды орындау;
- кемелерді арқандап байлау үшін арналардың, шлюздердің, тоғандардың, бөгеттердің және басқа да құрылыстардың тас еңістерін тексеріп қарау.
Талаптар:
еңбек өтіліне талап қойылмайды, біліктілік куәлігі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтёр (кезекші)
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
тәжірибесіз
Міндеттер:
- ауысымды қабылдау кезінде дренаждық сорғылардың жұмысына, ал төмен температура кезеңі басталғанда жылыту аспаптарының, компрессорлардың жұмысына ерекше назар аударып, жеке тексеру арқылы жабдықтың жай-күйімен, электрмен жабдықтау схемасымен және жұмыс режимімен танысу;
- ауысымды тапсырушыдан аварияны немесе ақаулықтарды алдын алу үшін мұқият бақылау жүргізуге қажетті жабдықтар туралы мәліметтер алу;
- соңғы кезекшіліктен өткен уақыт ішінде барлық жазбалармен және өкімдермен танысу;
- электр жабдығының жұмыс режимі бұзылған, бүлінген немесе авария болған жағдайда, өз бетінше және дереу оның қалыпты жұмыс режимін қалпына келтіруге шаралар қолдану және болған оқиға туралы тікелей бастыққа хабарлау.
Талаптар:
еңбек өтіліне талап қойылмайды, біліктілік куәлігі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Бетон араластырғыш қондырғылар моторшысы
Міндеттер:
- бетон араластырғыш қондырғылардың механизмдерін басқару,
- бетон-ерітінді торабының механикалық жабдығының техникалық жай-күйін бақылау;
- циклдік әрекеттегі араластыру қондырғыларында және үздіксіз әрекеттегі араластырғыштарда бетон қоспаларын дайындау;
- қабылданған рецептураға сәйкес компоненттерді араластырғыш қондырғыларға рет-ретімен жүктеу;
- қызмет көрсетілетін араластыру қондырғыларының жұмысын басқару;
- тасымалдау құрылғыларына немесе басқа да жылжыту құралдарына дайын қоспалар мен ерітінділер беру.
Талаптар:
Жұмыс өтіліне талап қоймастан біліктілік куәлігі бар тұлға.
Слесарь-жөндеуші
Міндеттер:
Жабдықтардың, агрегаттар мен машиналардың тораптары мен механизмдерін бөлшектеуді, жөндеуді, құрастыруды және орташа күрделілікті сынауды, жабдықты, агрегаттар мен машиналарды жөндеуді, реттеуді және орташа күрделілікті сынауды орындау, бөлшектерді 11-12 квалитеттер бойынша слесарлық өңдеуді орындау, еденнен басқарылатын қарапайым жүк көтергіш құралдар мен механизмдердің көмегімен жүктерді ауыстыру кезінде такелаждық жұмыстарды орындау, жабдықты жөндеу кезінде бөлшектерді металл өңдеу жұмыстарын орындау.
Талаптар:
Жұмыс өтіліне талап қоймастан біліктілік куәлігі бар тұлға.
Экскаватор машинисті-тракторшы
Міндеттер:
Аршу, тазалау, үйінді және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде бір шөмішті экскаваторды басқару; тау-кен массасын және топырақты әзірлеуді орындау; жұмыс процесінде экскаваторды ауыстыру; жүріс механизмдерін реттеуді орындау; топырақты қабатпен өңдеуді орындау; экскаваторға жанар-жағармай материалдары мен су құю, өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, қозғалтқышты бекітуді, тежегіш құрылғыларды бақылауды жүргізу; жүріс механизмдерін сынамалауды орындау; шөмішті жабысқан топырақтан тазартуды жүргізу; белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу, профилактикалық тексеруді орындау және экскаваторды жөндеуге қатысу.
Талаптар:
Жұмыс өтіліне талап қоймастан тракторшы-машинист куәлігі бар тұлға.