«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Жыл сайын ҚР ИИДМ КК «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Жоғарғы Ертіс филиалы жол жұмыстарын (су түбін тереңдету) орындау кезінде сөзсіз болатын балық шаруашылығына келтірілген зиянды өтеу іс-шарасын жүргізеді 2022 жылы балық шаруашылығына келтірілген залалды өтеу екі жасар тұқы-тұқы балығымен 1853 дана көлемінде жүзеге асырылды, ол ақшалай мәнде  1 800 000 теңгені құрады (көлік шығыстарын ескере отырып). Аталған іс-шараны 2022 жылы 12 қыркүйекте құрамында:

1. «ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ Семей бөлімі;

2. «Азов а/о әкім аппараты» ММ;

3. «КазНПЦ РХ» ЖШС Алтай филиалы;

4. «Қарағанды балық питомнигі» ЖШС;

5. ҚР ИИДМ КК «Қазақстан су жолдары» РМҚК Жоғарғы Ертіс филиалының өкілдері бар комиссия өткізді.

Екі жасар тұқы балығын балықтандыру бойынша іс-шара Шүлбі суқоймасы Азовое ауылының айлағы ауданында "КазНПЦ РХ" ЖШС Алтай филиалының ұсынымдарына және ҚР АШМ 2015 жылғы 14 қазандағы №18-05/928 бұйрығымен бекітілген "Су объектілерін балықтандыру, балық шаруашылығы мелиорациясы бойынша жұмыстарды жүргізу ережелеріне" сәйкес және 2022 жылға арналған жол жұмыстарының жобасына ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" РММ 2022 жылғы 24 наурыздағы № 30.3-03-09/285 қорытындысы бойынша өткізілді.

2.jpeg

3.jpeg5.jpeg