«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Жаңалықтар

021 жылғы 26 маусымда «Шығыс Қазақстан су жолдары кәсіпорны жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ кәсіподағының бастамасы бойынша «Қазақстан су жолдары» РМҚК Жоғарғы-Ертіс, «Гидротехникалық құрылыстар» филиалдарының жұмыскерлері санитарлық нормалар  мен эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, Өскемен су қоймасы   жағалауы   аумағында   Печи   асуында сенбілік өткізді.   Кәсіпорын жұмыскерлері жиналған қоқыстан жағалауды тазалап, су қоймасының жағасын тиісті қалыпқа келтірді. Бір сағат ішінде олар отызға жуық қаппен қоқыс жинады. Акция экология мен табиғатқа ұқыпты қарауға насихат жүргізу үшін және табиғатта демалуды ұнататындар арасында экологиялық мәдениетті тәрбие беруге бағытталған. Осындай іс-шараларға қатысу қала үшін де, сенбілікке қатысушылар үшін де өте маңызды. Бұл су қоймасы - бүкіл отбасымен демалуға болатын жалпылама пайдалану аймағы. Егер біз табиғатты жақсы жағдайда ұстасақ, табиғатқа қамқорлық жасасақ, болашақ ұрпақтың денсаулығына үлес қосамыз.

субботник.jpg

Субботник 2.jpg