«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

«Кеме қатынасының тіркелімі» филиалы: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында іс-шара өткізді.

Қазақстан Республикасы ИИДМ КК «Қазақстан су жолдары» РМҚК «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалы 2021 жылдың 12 сәуір күні тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына 30 жыл толуына орай «Тұңғыш қазақ ғарышкері - Тоқтар Әубәкіров» атты ақпараттық-танымдық сағат ұйымдастырды. Айтулы шара филиалдың жұмыскерлері арасында өтті.

Іс-шараның мақсаты: Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға белсене араласқан тұлғаның өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған ортасы, қызмет еткен орындары туралы қызықты деректер мен мағлұматтар беру, тереңірек танып – білуге насихаттау. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және насихаттау. Жұмыскерлер арасында тілге деген құрмет сезімін ояту.

Танымдық сағатты мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маман кіріспе сөзбен ашып, ғарышкерлер туралы мәліметпен таныстырып өтті. Танымдық сағат аясында Қазақстанның үш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов туралы деректер айтылды, слайдтар көрсетілді. Сонымен қатар, Тоқтар Әубәкіровтің өмірбаяны туралы, «Ғарыш ғаламаты» атты қызықты мағлұматтарға толы бейнероликтер және «Байқоныр 1991 жыл» атты деректі фильм ұсынылды.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойын осындай іс-шаралармен жалғастырып, жұмыскерлер арасында насихаттау дәріптеу шаралары әрі қарай жалғасын таба бермек!

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg