КҚТ филиалының ақпараты
«Қазақстан су жолдары» РМҚК «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалының (бұдан әрі - Филиал) 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 2021 жылдың 25-26 ақпан аралығында Павлодар қаласында Филиалдың өңірлік жұмыскерлерінің қатысуымен жыл сайынғы семинар-кеңес өткізілді.
Кеңесте кемелерді және палубалы шағын көлемді кемелерді сыныптау және техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі филиалдың 2020 жылғы жұмыстары қорытындыланды, кемелерді куәландыру жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары, негізгі практикалық қызметтегі өзекті мәселелер талқыланды. Филиалдың негізгі қызметі шеңберінде кемелер мен палубалы шағын көлемді кемелердің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды. Тану туралы куәлік беру үшін ұйымдарды (кәсіпорындарды) және сынақ зертханаларын куәландыру мәселелері бойынша өңірлік жұмыскерлердің техникалық байқау бөлімімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі пысықталды.
Семинар-кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес «Қазақстан су жолдары» РМҚК «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалы мойындаған «Геодезия және картография» ЖШС басшылығымен жұмыс кездесуі өткізілді, оның барысында кәсіпорынның өндірістік үдерістерімен таныстырылды, кемелерді жөндеу және жаңғырту жөнінде техникалық байқау бойынша практикалық сабақтар өткізілді.
Филиал басшылығы қосымша орындаушылық тәртіптің талаптарын жеткізді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.