«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Жаңалықтар

«Қазақстан су жолдары» РМҚК «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалының (бұдан әрі - Филиал) 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 2023 жылғы 15-16 наурыз аралығында Семей қаласында Филиалдың өңірлік жұмыскерлерінің қатысуымен жыл сайынғы семинар-кеңес өткізілді. Кеңесте 2022 жылғы кемелер мен палубалы шағын көлемді кемелерді сыныптау және техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі филиал жұмысының қорытындысы шығарылды, 2023 жылға арналған кемелерді куәландыру бойынша іс-шаралар жоспары, негізгі практикалық қызметтегі өзекті мәселелер талқыланды. Филиалдың негізгі қызметі шеңберінде кемелер мен палубалы шағын көлемді кемелердің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері де талқыланды. Тану туралы куәлікті беру үшін ұйымдарды (кәсіпорындарды) және сынақ зертханаларын куәландыру мәселелері бойынша өңірлік жұмыскерлердің техникалық байқау бөлімімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі пысықталды. Филиалдың басшылығы қосымша жұмыскерлерге орындаушылық тәртіп талаптары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

WhatsApp Image 2023-03-15 at 18.31.44 (3).jpeg

WhatsApp Image 2023-03-15 at 18.31.45 (8).jpeg