«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Жаңалықтар

       

     2021 жылғы 12 маусымда «Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мен Павлодар облысының жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесіп, прокуратура органдарының қолдауымен және барлық саладағы жұмыс берушілердің қатысуымен жұмыссыз азаматтарға арналған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне» «Қазақстан су жолдары» РМҚК Павлодар филиалы да қатысты. Аталған іс-шарада жұмыссыз азаматтарға бос жұмыс орындары ұсынылды (капитанның көмекшісі, кеме аспазы, жүкшығыршы жұмысшы-моторшы, инженер-энергетик, автомобиль механигі-жүргізуші, заңгер, бухгалтер, экономист, іс жүргізуші және т.б.). Тілек білдірушілерге бос лауазым мен жұмыс берушінің байланыс деректері көрсетілген жолдамалар берілді.ярмарка.jpg