«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

IMG_20191129_110146.jpg

       2019 жылдың 29 қарашасында кәсіподақ ұйымының қолдауымен "Қазақстан су жолдары" РМҚК Орал филиалында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған дөңгелек үстел өтті.

IMG_20191129_092858.jpg

_____Салтанатты отырысты Орал филиалының директоры Талғат Әділов ашты: "1 желтоқсан - Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ерекше күн. 1991 жылғы қыстың алғашқы күні Тұңғыш Президент сайлауы өтті".

_____Республика Президентінің қызметі 1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің отырысында құрылды, сол кезде бұл қызметке Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Ол 98,7% дауыс жинады. 10 күннен кейін Президент Қазақ ССР-ін Қазақстан Республикасына қайта атау туралы Заңға қол қойды.

_____1991 жылдың 16 желтоқсанында Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тәуелсіздігін жариялады.

_____2011 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы "ҚР Заңына толықтырулар енгізу туралы" Заңды қабылдады. Құжатқа сәйкес, 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні болып жарияланды. Осылайша, бұл мереке елімізде 2012 жылдан бастап атап өтіледі.

_____Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың республика алдындағы еңбегін атап өтуге және мойындауға арналған.

_____Кадр жөніндегі инспектор Бисенова Гүлсезім тарихи анықтама дайындап, оқыды: "Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Қазақ КСР Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген. Ұлы жүз шапрашты руынан шыққан.

_____1960 жылы Днепродзержинск қ. № 22 ПТУ бітірді.

_____1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатында ЖТОО бітірді.

_____Еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы "Казметаллургқұрылыс" трестінің құрылыс басқармасының жұмысшысы болып бастаған. Содан кейін Қарағанды металлургия зауытында құю машиналарының шойыншысы, домна пешінің көрікшісі, диспетчер, газшы болып жұмыс істеді.

_____1973 жылы Қарағанды металлургия комбинаты партия комитетінің хатшысы болып сайланды.

_____1977 жылы - Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы.

_____1984 жылы - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы.

_____1990 жылдың сәуір айынан бастап - Қазақ КСР Президенті.

_____1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақ КСР Президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы өтті, оның барысында Н.Ә.Назарбаев сайлаушылардың 98,7% қолдауға ие болды.

_____1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңды қабылдады, ел Қазақстан Республикасы болып өзгертілді, тиісінше Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болды.

_____2010 жылдың 15 маусымында Назарбаевқа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы мәртебесі ресми бекітілді.

_____3 сәуірде мерзімінен бұрын президент сайлауында төртінші рет Қазақстан Президенті 2016 жылдың желтоқсанына дейін қайта сайланды. ҚР Конституциясына сәйкес (Заңның 42-бабының 5-т.), Республика Президенті болып бір адам қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды, бірақ бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.

_____Тұңғыш Президенттің балалық шағы, отбасы туралы мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маман Зулкашева Гүлсім баяндама жасады: "Нұрсұлтан Назарбаев балалық шақтан бастап өз шығу тегін, ата-бадаларын білді. 1640-1680 жылдары жоңғарлармен соғыста көптеген ерлік көрсеткен Қарасай батыр оның сегізінші бабасы болған. Нұрсұлтанның атасы Назарбай би болған және 1880-ші жылдары Қазақстанның Орталық мұрағатының құжаттары бойынша бай адам болған, су диірменін және " оған ұзындығы 100 сажень өткізілген арықты" басқарды. Сондай-ақ, Н.Назарбаев жас кезінен бастап анасы жағынан да ата-баба шежіресін жақсы білген.

_____Жұбайы Назарбаева Сара Алпысқызы - инженер-экономист. Қазіргі уақытта "Бөбек" Халықаралық балалар қайырымдылық қорын басқарады.

_____Н. Назарбаевтың үш қызы: Дариға, Динара, Әлия, жеті немересі және екі шөбересі бар.

_____15-тен астам кітаптың авторы: "Қазақстан жолы", "ХХІ ғасыр табалдырығында", "Тарих толқынында", "Әлем эпицентрі" және т.б. Көптеген ғылыми мақалалардың авторы.

_____2011 жылы кинематографта Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесін суреттейтін бірнеше фильм экранға шықты.

_____Н.Назарбаев КСРО-ның 2 мемлекеттік наградасымен, 36 шет мемлекеттердің наградаларымен, 10 қазақстандық мерейтойлық медальдармен, 20-дан астам ғылыми атақтармен, 5 құрметті атағымен, оның ішінде "Жыл адамы" және "Ғасыр адамы" атағымен марапатталған. 7 елдің және қаланың Құрметті азаматы, 28 қоғамдық наградалармен марапатталған