2025 жылғы 07 сәуірден бастап 13 сәуір аралығында «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалындағы іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп
«Кеме қатынасының тіркелімі» филиалының жұмыскерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында филиал ғимаратына кіретін есіктің жанына ағаш көшеттерін (терек пен шетен ағашы) сатып алып, отырғызды. Көшеттерді суару, түптеу, күтім жасау да филиал жұмыскерлерінің күшімен жүзеге асырылады.