«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

2024 жылғы 12 ақпан мен 18 ақпан аралығында
«Кеме қатынасының тіркелімі» филиалындағы іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп

ҚР КМ ТСКК «Қазақстан су жолдары» РМҚК «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалымен 2023 жылы келесі жұмыстар жүргізілді:
628 кеме куәландырылды, оның ішінде:
- алғашқы - 63;
- кезекті - 76;
- кезектен тыс – 161;
- жыл сайынғы - 248;
- сыныптамалық – 75;
- доктық - 5.
Кеме корпусының техникалық жағдайын анықтау мақсатында кемелердің корпустарына 52 дефектация жүргізілді.
«Кеме қатынасының тіркелімі» филиалының техникалық есебінде 528 бірлік кеме тұр, оның ішінде техникалық жарамды жағдайда – 348, тыйым салынған жағдайда – 180.
Жыл басынан бері техникалық есепке 63 кеме қойылды.
Жыл басынан бері техникалық есептен 141 кеме шығарылды.
Техникалық бақылаумен 75 кеме жөнделді.
2023 жылға арналған Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық куәландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес филиал өтеусіз негізде 792 кемеге куәландыру жүргізді, бұл жоспарлы іс-шараларды орындаудың 100% - ын құрайды.
Филиал ұйымдарды (кәсіпорындарды) тану туралы куәліктерді беру бойынша жұмысты жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 31 ұйымның «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалының Тану туралы куәліктері бар, оның 13-ы 2023 жылы берілген, бір ұйым Ресей Федерациясында (Петразаводск қ.) орналасқан.
Дәнекерлеушілерге рұқсат беру туралы 20 куәлік берілді.
Филиалмен жобалық-техникалық құжаттаманың 20 жиынтығы қаралды және келісілді.
Палубалы шағын көлемді кемелер.
«Кеме қатынасының тіркелімі» филиалының техникалық есебінде 393 палубалы шағын көлемді кеме тұр, оның ішінде техникалық жарамды жағдайда – 202, тыйым салынған жағдайда – 191.
Жыл басынан бері палубалы шағын көлемді кемелерге барлығы 334 куәландыру жүргізілді, оның ішінде:
– алғашқы - 48;
– қайталама - 171;
– кезектен тыс - 82.
Жыл басынан бері техникалық есепке 46 кеме қойылды.
Жыл басынан бері техникалық есептен 17 кеме шығарылды.