«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

2024 жылғы 09 желтоқсаннан бастап 15 желтоқсан аралығында «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалындағы іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп

          16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Осы мемлекеттік мерекеге орай 13 желтоқсан күні «Кеме қатынасының» тіркелімі филиалында «Ел аңсаған Тәуелсіздік» атты іс-шара өтті.
          Іс-шара барысында Желтоқсан оқиғаларының шығу себебі, маңызы, алаңға шыққан қазақ жастарының тілегі, олардың одан арғы өмір жолы туралы айтылып, видеоматериал көрсетілді. Сондай-ақ Тәуелсіздіктің тарихына тоқталып, осы жылдардың жылнамасынан үзінді келтірілді.