2024 жылғы 02 желтоқсаннан бастап 08 желтоқсан аралығында Павлодар филиалындағы іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп
2024 жылғы 05 желтоқсанда сағат 14:30-да Павлодар филиалында оқу дабылы жарияланды, оның мақсаты штаттан тыс жағдайдың туындауын шешу бойынша оқу-жаттығулар өткізу, объектіде қауіпсіздік шараларын қабылдау және өртті сөндіру болды. Қызметкерлер хабарландыру алгоритмінің схемасына сәйкес әрекет етті, өрт өз күштерімен сөндірілді, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді, қызметкерлер қауіпсіз жерге көшірілді.