«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

2019 жыл ішінде өз міндеттерін сапалы орындағаны, кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі және кәсіби жетістіктері үшін кәсіпорын қызметкерлері бірнеше рет ведомстволық наградалар мен кәсіпорын басшылығының атынан марапатталды. Кәсіпорынның он филиалы, Нұр-Сұлтан қ. өкілдік пен орталық аппараттың өкілдері де ескерусіз қалмады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі атынан «Көлік қызметкерлері күні» кәсіби мерекесінде

1)    «Су көлігі саласының үздігі» төсбелгісіне 15 қызметкер ие болды;

2)    Құрмет грамотасымен 18 қызметкер марапатталды;

3)    17 қызметкерге алғыс жарияланды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бас директорының бұйрығымен 2019 жылдың қорытындысы бойынша құрмет грамотасымен кәсіпорынның 31 қызметкері марапатталды.