«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

«Қазақстан су жолдары» РМҚК Өскемен су қоймасының жағасында «Таза жағалау» экологиялық акциясын өткізді

 

«Шығыс Қазақстан су жолдары кәсіпорны жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ кәсіподағының бастамасы бойынша             2021 жылғы 12 маусымда «Қазақстан су жолдары» РМҚК            және Жоғарғы-Ертіс филиалының, «Гидротехникалық құрылыстар» филиалының қызметкерлері санитарлық нормалар мен эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, Өскемен су қоймасы жағалауының аумағында Печи асуы ауданында сенбілік өткізді. Бұл жер танымал демалыс орны, бірақ әр жаз мезгілінен кейін демалушылардан қоқыс көп қалады.      

Кәсіпорын қызметкерлері жиналған қоқыстан жағалауды тазалап, су қоймасының жағасын қалыпқа келтірді. Бір сағаттың ішінде олар отызға жуық қаппен қоқыс жинады.

Акция экология мен табиғатқа ұқыпты қарауға насихат жүргізу үшін және табиғатта демалуды ұнататындарға экологиялық тәрбие беруге бағытталған.

Осындай іс-шараларға қатысу қала үшін де, сенбілікке қатысушылар үшін де өте маңызды.

Бұл су қоймасы – бүкіл отбасымен демалуға болатын жалпылама пайдалану аймағы.

Егер табиғатты жақсы жағдайда ұстасақ, табиғатқа қамқорлық жасасақ, біз болашақ ұрпақтың денсаулығына үлес қосамыз.

Сонымен қатар, сенбілік бір реттік акция емес екенін, енді бұл жақсы дәстүрге айналатынын атап өткіміз келеді.

WhatsApp Image 2021-06-12 at 09.57.41.jpeg

WhatsApp Image 2021-06-13 at 15.51.51.jpeg

WhatsApp Image 2021-06-13 at 15.51.52 (1).jpeg

WhatsApp Image 2021-06-13 at 15.51.52.jpeg

WhatsApp Image 2021-06-13 at 15.52.00.jpeg

ФОто 1.jpg