«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Құрметті отандастар!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Халқымыздың «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөзінің астарында үлкен мән бар. Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық – бекем бірлік біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады.

Еліміздегі қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміздің экономикасы өркендеп, әлеумет ілгері басып келеді. Қоғамда тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы елімізде демократиялық мемлекет құруға және алға өрлеуге зор ықпал етуде.

Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің басты байлығымыз. Бұл жетістіктерді бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады. Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық!

Бірлік мерекесі қарсаңында Сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымақ-бірлігі арта берсін!

Баршаларыңызға, денсаулық, отбасыпаррынызға бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

CD5D-R3VEAEqnv1.jpg large.jpg