«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

«Қазақсан су жолдары» РМҚК 
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар туралы
АҚПАРАТ

175 жыл бұрын қазақтың ұлы ақыны, философ, ағартушы, қазақ әдебиетінің тұңғыш классигі, ойшыл, қоғам қайраткері Абай Құнанбаев дүниеге келді. Абай Құнанбаевтың мерейтойы халықаралық деңгейде, оның ішінде ЮНЕСКО аясында атап өтіледі. Бұл-біздің еліміз үшін де, барша қазақстандықтар үшін де үлкен мақтаныш.

Абай Құнанбаевтың философиясы халық, мәдениет және тіл туралы дана ойларымен бірге қазақстандықтардың кейінгі ұрпақтары үшін бағалы рухани мұраға айналды.  Оның еңбектері уақыт өте келе әлеуметтік және мәдени-рухани өмірдің бағыттарын анықтайтын өзекті өшпес мұраға айналды. Абайдың 170 — ке жуық өлеңі, 56 аудармасы және астарлы 45 қысқа «Қара сөздері» жазылды. «Қара сөздерінде» этникалық қазақтардың тарихы, педагогикасы, моральдық және құқықтық мәселелері жазылады. Сонымен қатар қазіргі уақытта танымал жиырмаға жуық әуендерді шығарған композитор болды.

Абай шығармашылығы әрбір қазақстандықтың санасында болуы керек. Осы мақсатта 2019 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаев 2020 жылы қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу туралы Жарлық қабылдады.

«Абайдың 175 жылдығын мерекелеу ұлттың рухани дамуы үшін қажет», – деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың қаңтарында жарық көрген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында – «мұның бәрі тек мерекелеу үшін ғана емес, кеңірек ойлауды, рухани дамуды үйрену үшін» қажеттігін атап айтқан. Абай Құнанбайұлы ғалым, ойшыл, ақын, ағартушы, жаңа ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы, аудармашы және композитор ретінде еліміздің тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен прозаларында ұлттық сана-сезім, өмір, дүниетаным, мінез, жан, сенім, тіл, дәстүрлер мен халықтың рухы көрініс тапты, олар кейінірек Абай әлемі деп аталатын ерекше құбылыс ретінде бағаланды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын орындау мақсатында Қ.Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 26 тамыздағы № 134 «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорындар) 2020 жылы ұлы ойшыл, ақын, ағартушы, ғалым Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеуге арналған іс - шаралар жоспарын бекітті.

Ақын және философ Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған іс-шаралар жоспары бойынша кәсіпорында келесі іс-шаралар өткізілді:

Ағымдағы жылдың ақпан айынан наурыз айына дейін Павлодар, Семей, «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалының жұмыскерлері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын ауқымды мерекелеу туралы бастамасын қолдау мақсатында іске қосылған #Abai175 челленджіне қатысты. Ұлы ақынның шығармаларын оқуға Павлодар филиалының қызметкерлері бастама білдіріп, эстафетаны Семей филиалы мен «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалына тапсырды.

Бейнероликтерде кәсіпорын қызметкерлері «Әсемпаз болма әрнеге», «Құлақтан кіріп, бойды алар», «Жүрегім, нені сезесің», «Әуел де бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңдерінен қазақ және орыс тілдерінде жастарды ғылымға, білімге, мақсаттарға жетуге шақыратын қара сөздер оқылып, бүкіл әлемге танымал «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық-ай»әндері шырқалды. Бейнероликтер кәсіпорынның http://su-zholdary.kz ресми сайтындағы                  «Абай – 175» қосымша бетінде орналастырылды. 

22 қаңтарда Семей филиалы «Жизнь и деятельность Абая Кунанбаева» атты презентация ұйымдастырып, өткізілді. Қатысушылар ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен, оның өмір жолымен танысты. Бұл іс - шараның мақсаты-ақынның шығармаларына деген құрмет пен қызығушылықты ояту, жұмыскерлердің ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейтулеріне ықпал ету болды.

а1.jpg

а2.jpg

а3.jpg

20 ақпан күні Балқаш филиалында жұмыскерлер арасында «Знаешь ли ты Абая?» сұрақ-жауап және «Говорим на казахском» тақырыбында конкурс    өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты қызметкерлердің сөздік қорын кеңейту, ой-өрісін кеңейту, халық дәстүрлеріне баулу болды. Қазақ даласындағы ұлы ақынның өмірбаяны мен шығармашылығын білуге арналған викторина өткізілді.

Павлодар, Семей, Іле, Каспий, «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалдарында стендтер әзірленіп, дайындалды, сондай-ақ «Гидротехникалық құрылыстар» филиалының Шүлбі шлюзі ұлы ақынның шығармаларына арналған буклет, Орал филиалы брошюралар дайындады.

Павлодар филиалының стенді

а4.jpg

Семей филиалының стенді

а5.jpg

Іле филиалының стенді

а6.jpg

Каспий филиалының стенді

а7.jpg

«Кеме қатнасының тіркелімі» филиалының стенді 

а8.jpg

«Гидротехникалық құрылыстар филиалы» Шүлбі шлюзінің стенді 

а9.jpg

а10.jpg

Орал филиалы «Брошюрлар»

а11.jpg

«Гидротехникалық құрылыстар филиалы» Шүлбі шлюзінің буклеті  

а12.jpg

а13.jpg

Ағымдағы жылдың наурыз айында Жоғарғы Ертіс филиалы Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған кітап көрмесін ұйымдастырды. Басты мақсат-филиал қызметкерлерін Абай мұрасының сирек кездесетін кітаптарымен таныстыру. Көрмеде Абайдың еңбектері ғана емес, ол туралы кітаптар да жинақталды.

а14.jpg

а15.jpg

а16.jpg

а17.jpg

а18.jpg

а19.jpg

Жаһандық пандемия жағдайында Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған мазмұнды іс-шараларда: «Абай әлемі» стационарлық экспозициясын (Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан Сәулет – этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының Сол жағалау кешенін), «Абай. Өмір және шығармашылық» (Өскемен қ. «Жастар» этнопаркі), Абайдың мемлекеттік мұражай – қорығы (Семей қ.) және Жидебай-Бөрілі (Абай ауданы) мұражай кешеніне экскурсияларды ағымдағы жылы іске асырудың мүмкіндігі болмады.

Жалпы, кәсіпорында өткізілетін іс-шаралар кәсіпорын жұмыскерлерін руханилыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған.   

Біз Ұлы ақынның және жерлесіміздің мерейтойын атап өтетінімізді мақтан тұтуымыз керек. Осындай айтулы оқиғаны мерекелеу-біздің рухани, идеологиялық және мәдени дамуымыздың көзі.