«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Жаңалықтар

Николай Александрович Верещагин
(1915-2019)
СФ Верещагин.JPG

          Гвардия капитаны, дивизия әскери бөлімінің бастығы
     1940 жылдан бастап 1948 жыл аралығында Кеңес Армияда қызмет етті. Батыс, Калининск, екінші Украин фронтында жауынгерлік әрекеттерінде қатысты.
         Батыс фронтында Мәскеуді қорғауда және Смоленск қаласын босатуда қатысты; Калининск фронтында – Ескі Русс және Ұлы Лук аудандарында жауынгерлік әрекеттерде қатысты. Орлов-Курск операцияларында қатысты, екінші фронтта Корсун-Шевченск, Яссо-Кишенев операцияларында, сонымен қатар Бутапешт және Вена қалаларын алуы кезінде Румыния, Венгрия, Чехословакия және Австрия аумағындағы жауынгерлік әрекеттерде қатысты. Ұлы Отан Соғысы аяқталған соң Румынияда кеңес әскерінің құрамында қызмет етті. 1948 жылы жеке өтінішпен гвардия капитаны атағында запасқа шығарылды.
     Красная звезда орденімен, «За трудовое отличие», «За труд», «За оборону Москвы», «За взятие Будапешта», «За взятие Будапешта» медальдарымен марапатталды.
      Жоғарғы-Ертіс Бассейн басқармасында 1962 жылғы 20 тамыздан бастап 1968 жылғы 15 шілде аралығында Жоғарғы-Ертіс бассейндік жол басқармасының бастығының орынбасары лауазымында жұмыс істеді, 1968 жылғы 16 шілдеден бастап 1978 жылғы 14 наурыз аралығында Жоғарғы-Ертіс бассейндік жол басқармасының бастығы лауазымында жұмыс істеді.

Пётр Михайлович Коломин
(1926)
Коломин СФ.jpg

          1943 жылдың 07 қарашадан Кеңес Армиясына шақырылды және 125 ҚАП батальонына алынып, оны 1944 жылдың наурыз айында бітірді және Ташкент пулемет училищесіне жіберілді. 1944 жылдың мамыр айында 3-ші Белорус фронтының әскерлерімен 13 шекарашы полкінің құрамында Белорус КСР босатуында қатысты (Беларусь Республикасы Президентінің Белорус КСР босатыуына 60 жыл медалімен марапатталды). Литва КСР қалаларын босатуы кезінде қатысты: Вильнюс қ., Мариамполь қ., Алитус қ., Шауляй қ., Пиллау қ., Инстербург қ., Гумбиннен қ., Мизляк қ., Кенигсберг қ.
         Отан соғысының 2 дәрежелі Орденімен, Кенигзберг қаласын алғаны үшін медалімен марапатталды, Жоғарғы бас қолбасшы И.В. Сталиннің алғыс хаты бар. 
        Жоғарғы-Ертіс Бассейн басқармасында 1978 жылғы 27 қазанынан бастап 1986 жылғы 13 қараша аралығында ЖЕББ  желілік комитетінің төрағасы лауазымында жұмыс істеді, 1986 жылғы 14 қарашадан бастап 1987 жылғы 04 мамыр аралығында жол жұмыстарының мастері лауазымында, 1987 жылғы 05 мамырдан бастап 1987 жылғы 30 қараша аралығында жабдықтау бөлімінің экономисті лауазымында жұмыс істеді.
        1988 жылдан бастап 1991 жыл аралығында ЖЕББ флоттың кешенді қызмет көрсету және көлік жөніндегі диспетчері болып жұмыс істеді, 1991 жылдан бастап 1996 жыл аралығында ЖЕББ учаске мастері болып жұмыс істеді.
Жұмыстан шығып, бүгінгі күнге дейін ЖЕББ бастапқы ардагерлер ұйымын басқарады.