«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Жаңалықтар

1.                 ҚР ИИДМ КК «Қазақстан су жолдары» РМҚК Павлодар филиалы балық ресурстары мен басқа су жануарларына зиян келтіруді өтеу шеңберінде ұрықтанған материалдарды балық - шаруашылық су айдындарына шығару жөніндегі іс-шараларды жүргізу барысында 2020 жылғы 13-14 қазанда 200 мың данадан аса 12-15 грамм орташа салмағымен тұқының сеголеткаларын Ертіс өзеніне жіберді.

          Балық жіберу «Павлодар облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы» РММ және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысуымен Ақсу селолық округінің Ребровка ауылы аумағында жүргізілді.

         2.      Павлодар қаласын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі айлықты өткізу шеңберінде 2020 жылдың қазан айында апта сайын сенбіліктер өткізілді, оған «Қазақстан су жолдары» РМҚК ПФ қызметкерлері қатысты. Бекітілген учаске (Ә. Бөкейханұлы, Шокин көшесінен Ломов көшесіне дейін) қоқыстан, жапырақтардан тазартылды және «Тұрмыстық қалдықтар полигонына» шығару ұйымдастырылды. Қатысу қажетті карантиндік шараларды сақтай отырып өткізілді.

IMG_8275.JPG


IMG_20201013_082337.jpg


IMG_20201013_103543.jpg


PHOTO-2020-10-23-16-25-56.jpg


PHOTO-2020-10-23-16-25-58.jpg


PHOTO-2020-10-23-16-25-59.jpg