«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

«Кеме қатынасының тіркелімі» филиалының атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ:

2021 жылдың 28 шілде күні ҚР ИИДМ КК «Қазақстан су жолдары» РМҚК «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік Рәміздері» атты тақырыптық сағат өткізілді.

Іс – шараның мақсаты — филиал жұмыскерлері арасында еліміздің мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану. Азаматтыққа және отансүйгіштікке, өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді қалыптастыру.

Іс-шара еліміздің Әнұранымен басталды. Тақырыптық сағат барысында мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маман Г.Н. Масалова  Елтаңба, Ту, Әнұран туралы ақпарат ұсынды. Елтаңбаның, Тудың сипаттамасын, олардың авторларын тағы да еске түсіріп, жұмыскерлердің түсініктерін нығайта түсті. «Мемлекеттік рәміздер» атты бейнесюжет көрсетілді. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы екені аталып, тақырыптық сағат Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен қорытындыланды

1223.jpg

1224.jpg