«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

IMG_6723.JPG

        Биылғы жылы ҚР ИИДМ КК «Қазақстан су жолдары» РМҚК Павлодар филиалында «Павлодар облысының еңбек инспекциясы» ММ (14.01.2020ж.), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы (17.01.2020ж.) және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ (20.01.2020ж.) өкілдерімен жұмыс семинар-кездесулері өтті.

IMG_6725.JPG

              Кездесу барысында мамандар аталған ұйымдардың функциясы, жүйесі мен қызмет бағыты жөнінде баяндап, презентация жасады. Филиал қызметкерлерінің сұрақтарына тұщымды жауап беріліп, еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі және халыққа сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды.

          Аталған іс-шаралар филиал қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығы мен құқықтық сана-сезімі деңгейін арттыру мақсатында өткізілді.