«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану жөніндегі жұмыс туралы ақпарат

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Е. Көшербаевтың төрағалық етуімен өткен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия отырысының 2021 жылғы 22 сәуірдегі хаттамасының 4-тармағының 4.2 тармақшасында Министрліктің бағынысты ұйымдарында мемлекеттік рәміздерді насихаттау жұмыстарын күшейту туралы тапсырмасын орындау бойынша «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен филиалдарында  2021 жылғы 01 шілдеден бастап 05 тамыз аралығында келесі іс-шаралар өткізілді: жұмыскерлер арасында жиналыстар, слайд-шоу, «Тәуелсіздік Рәміздері», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне» арналған дөңгелек үстел, тақырыптық сағаттар өткізілді. Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану, жұмыскерлердің патриоттық санасын қалыптастыру, патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді қалыптастыру. Іс-шаралар Қазақстан Республикасының әнұранын салтанатты түрде орындаудан басталды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бойынша баяндамалар тыңдалды. Жоғарыда көрсетілгендерге қосымша Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланған.

IMG_4302.JPG

1.jpg

УКФ фото собрания.jpeg