«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Жұмыскерлерде қазақстандық патриотизмді, белсенді азаматтық сананы қалыптастыру мақсатында кәсіпорында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған іс-шаралар өткізілді.

Павлодар филиалы төмендегі іс-шараларды ұйымдастырып өткізді:

·         2019 жылғы 12 желтоқсанда Павлодар қаласы әкімдігінің қолдауымен «Баянтау» спорт сарайында филиалдар бөлімшелерінің арасында:

-        волейболдан турнир;

-        «Көңілді ойын» жарыстары өткізіліп, оған 4 команда (7 қатысушыдан) қатысты.

Үш жүлделі орын иелері аталып, үздік ойыншылар, белсенлі командалар мен белсенді ойыншылар, сондай-ақ белсенді жанкүйерлер іріктелді.

·                   2019 жылғы 13 желтоқсанда филиалдың әкімшілік ғимаратының акт залында барлық қызметкерлерге салтанатты жиналыс өткізілді.

Филиал директоры С.Т. Абдильманов алғы сөз сөйлеген соң Республика әнұраны айтылды, тәуелсіздік тарихы, республиканың 28 жыл ішіндегі жетістіктері туралы тарихи баяндама жасалды. Филиал директоры 6 аса жақсы жұмыскерге Грамоталар ұсынды.

Содан кейін филиалдың кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Е. Костырева қатысушыларды құттықтап, жүргізілген жұмыстар туралы айтты.

Соңында филиал директоры мен кәсіподақ ұйымының төрағасы мерейтой иелеріне (2 жұмыскер), кәсіподақтың аса белсенді және алғашқы мүшелеріне (3 жұмыскер, «Иртышский-251» топырақ сорғыш экипажы) естелік сыйлықтары мен құтықтау сөздерін жолдады.

Сондай-ақ волейбол турнирінің, «Көңілді ойын» жарыстарының жеңімпаз командаларына кубоктар, грамоталар және бағалы сыйлықтар берілді, ерлер мен әйелдер арасындағы үздік ойыншыларға кубоктар беріліп, өткізілген жарыстардың аса белсенді ойыншылары, жанкүйерлері мен қатысушылары грамоталармен марапатталды.

Жоғарғы Ертіс филиалы 2019 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты жиналыс өткізді.

Филиал директорының м. а. О.П. Козлова, директордың жол жұмыстары жөніндегі орынбасары Б.А. Ожегов, кәсіподақ төрағасы  Ю.А.  Зубченко құттықтау сөздерін айтты.

Сонымен қатар Жоғарғы Ертіс филиалының 12 жұмыскері филиалдың дамуына қосқан үлестері үшін құрмет грамоталарымен марапатталды.

Іле филиалы 2019 жылғы 13 желтоқсанда «Тәуелсіздік күнін» мерекелеу құрметіне іс-шара өткізді. Салтанатты жиналысты филиал директоры Р.Т. Нукебаев ашты.

Командалар арасында «Тәуелсіздік күні» тақырыбында ойын түрінде викторина өткізілді.

Викторина 4 турға бөлінді:

1 тур – Қазақстан тарихы бойынша сұрақтар;

2 тур – «Отан», «Достық» және «Отбасы» тақырыптарына мақал-мәтелдер;

3 тур – Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының үздік суреті;

4 тур – «Қазақстан Республикасы» тақырыбына кроссворд.

 Каспий, Балқаш, Семей филиалдарының, «Теңіз навигациялық орталығы», «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалдарының ұжымдарында 2019 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелеу құрметіне салтанатты жиналыстар өткізілді. Филиалдардың басшылары құттықтау сөздері мен тілектерін жеткізіп, елімізде Тәуелсіздік күнінің алғы сөзіне айналған желтоқсан оқиғалары туралы тарихи мәліметтер оқыды.

Барлық іс-шаралар жұмыскерлер арасында патриотизмді тәрбиелеуге, мемлекетке құрметпен қарауды, халықтың салт-дәстүріне жағымды қатынасты қалыптастыруға, Отан тағдырына деген сезімдерін дамытуға ықпал етті. 

БФ.jpg

ВИФ.jpg

Коллектив ИФ.jpg

КФ.JPG

Проведение викторины ко Дню Независимости 2.jpg

ПФ (2).JPG

СФ.jpg

ФМНЦ.jpg

ФРСК.JPG