«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Су жолының жағдайы туралы ақпарат

Жайық өзенінің Орск қаласынан Батыс ендік бағыты бар, өзеннің Каспий алқабына кірер тұсында, Орал қаласы маңында оның бағыты оңтүстікке қарай күрт өзгереді. Жайық өзенінің негізгі саласы - Орынбор қаласына ағып жатқан және өзенді қоректендірудің негізгі бөлігі болып саналатын Сакмара өзені. Жайықтың Елек, Рубяжка, Шаған, Барбастау, Солянка салаларында су аз, олар өзенді қоректендіруге тек көктемде су тасуы кезінде ғана әсер етеді. Жайық өзеніндегі судың жылдық деңгейі көктемгі су тасқынының айқын белгіленген толқынымен және жаз-күздің салыстырмалы төменгі су деңгейімен сипатталады. Жайық өзені бассейніндегі көктемгі су тасқыны, әдетте, сәуір айының бірінші онкүндігінде, ерте көктемде - наурыз айының соңында, соңғы - сәуірдің екінші жартысында басталады. Ең жоғарғы деңгейлер 1-3 күн, салыстырмалы түрде жоғары деңгейі 20-40 күнге созылады. Су деңгейлерінің төмендеуі, әдетте, олардың өсуінен әлдеқайда баяу жүреді. Көктемгі су тасқыны кезінде Жайық өзені орта және төменгі ағысында көптеген шақырымдарға созылатын қуатты ағынға айналады. Көктемгі су жағалау учаскелерін көлденеңнен бірнеше метрге дейін шайып кетеді. Өзен жыл сайын жайылма ормандардың едәуір бөліктеріне нұқсан келтіреді. Су тасқынының орташа биіктігі қалыпты деңгейден 6-8 метр жоғары болғанда, өзен суы жайылма шегінен шықпайды, алайда 9-10 метрге көтерілсе, төңіректегі даланың ең төменгі аудандарын да су басады. Орташа сулы жылдарда көктемгі орта және төменгі су тасқыны 10 км-ге дейін жетеді. Жазғы-күзгі төменгі су ұзақтығы - 90-120 күн.

Көктемгі және тиісінше, жылдық ағындардың мөлшерін анықтайтын негізгі климаттық факторлар өзен бассейніндегі еру басталғандағы қардың қоры, су тасқыны кезеңіндегі жауын-шашын, топырақтың ылғалдық деңгейі мен тоңның түсу тереңдігі және қардың еру қарқындылығы болып саналады.